Диалоги. Bnews.kz

26 маусым, 16:51

Кәсіпкер: Жеке карьераны қойып, отбасылық бизнесті бастадық

Рахиля Бекназарқызы
Қазіргі қазақ жастары кәсіпкер болуды армандайды. Неге десеңіз, еркіндік бар – ешкімнің алдында есеп бермейді, таңдау бар – өзі қалаған нәрсемен айналысады, қалтасы қалың – айлық нәпақам қашан түседі деп отырмай, үнемі пұлды жүреді және мемлекетке пайда әкеле отырып, өзі табысқа жетеді. Иә, жас буын – өте ақылды. Дегенмен, кейбірі саналы түрде кәсіпкер болуды армандап, осы жолға түссе, кейбірін өмірдің өзі итермелейді. Осындай кәсіпкер жас отбасылардың бірі – Нұрбол мен Ақмейір Шужиндер. Олар жеке басының карьерасын емес, отбасылық табысты таңдады. Тіпті, университетте оқыған дипломының да шаң басып қалғанын аңғармай қалды. Олардың бизнес тарихы – өзге жастарға үлгі болары сөзсіз. Өйткені, жас кәсіпкерлер қарапайымнан күрделіге қадам басып келеді. Кім білсін, болашақта еліміздің ауылын көркейтер ірі кәсіпкер болып кетер. Себебі Елбасымыз бизнесмендердің ел игілігі үшін қаржы құюын жақсы қолға алу керек деп тапсырма берді. Мүмкін бұл отбасы солардың қатарынан табылар. Тілшіміз Ақмейір Шужинамен сұхбат құрып, кәсібінің қыр-сырын сізбен бөлісуді жөн көрді.
21 маусым, 16:25

Құрылтай қонағы: Қазақтың жапоннан үйренері көп

Рахиля Бекназарқызы
19 мамыр, 17:20

Бір рет қан тапсырып, үш адамның өмірін құтқаруға болады

Рахиля Бекназарқызы
Қазір әлеуметтік желінің адам өмірінен алатын орны ерекше. Ақылы озық адамдар желіні түрлі мақсатта пайдаланып, ғаламтор әлемін жаулап алуда. Кейде Instagram, Facebook, Вконтакте желілері мен Whats App байланыс жүйесі арқылы көмек сұрайтын жандар да көп кездеседі. Сондай көмектердің бірі – қан тапсыру. Жақыны мен туысы, досы немесе танысы ауруханаға түсіп, қан құю қажет болған жағдайда, осы байланыс жолдары арқылы хабарлама таратылады. Қан тапсыру туралы көмек сұраған хабарламаны оқығанда, Қан орталығында қан бітіп қалған ба деген ойға келеміз. Асылында олай емес. Мұның мән-жайын білу үшін BNews.kz тілшісі қан қызметі саласында жұмыс істейтін  Астана қаласы Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы (Қан орталығы) Қоғаммен байланыс және алықаралық ынтымақтастық бөлімінің менгерушісі Қожахметова Жұмагүл Сапарқызымен cұхбаттасып, нақтылап білді.
1 2 3
Loading...