Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағытын айқындаған Жолдау толығымен жастарға арналған
Наверх

Астана
USD 337.56
EUR 379.35
CNY 50.62
RUB 5.27


Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағытын айқындаған Жолдау толығымен жастарға арналған

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА, 18 желтоқсан 2012 ж 11:48 , ТАРАЗ

 Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағытын айқындаған Жолдау толығымен жастарға арналған. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Еркін Үйсінбаев BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында мәлімдеді. 


«Қазақстан-2030» стратегиясының жеті басым бағыты аясында біраз шаруалар атқарылды. Елбасы бұл стратегияда көрші елдермен одан әрі тиімді қарым-қатынас орнату мәселесін көтерді. Бұл ретте, қазір біздің ұпайымыз түгел. Ал әлемде шекаралас көрші мемлекеттер арасында алауыздық туындап жатқанын естіп, көріп жүрміз», - деді Е.Үйсінбаев.
Оның пікірінше, Елбасының жаңа Жолдауы, жаңа стратегиясы дер кезінде жасалып отыр.
«Елбасы жастарға көп көңіл бөледі. Президентіміздің тапсырмасы бойынша өңірлерде жаңадан жастар саясаты басқармалары ашылып, бүгінде мақсатты түрде жұмыс жүргізіп жатыр. Елбасының бұл Жолдауы толығымен жастарға арналған деп есептеймін. Себебі, 2050 жылға дейінгі бағдарламаны осы жастар орындайды. Елбасы Қазақстан Тәуелсіздігін алғаннан бері жастардың екінші буын өсіп келеді деп айтты. Осы екінші буын – қазіргі жастар», - деді Е.Үйсінбаев.


comments powered by HyperComments