Ұлттық музейде «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесі ашылды (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Ұлттық музейде «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесі ашылды (ФОТО)

25 қараша 2016 ж 16:50

ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанда басталған қазақстандық біртектілік және жалпыұлттық бірлікті қалыптастыруға бағытталған жалпыұлттық «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылған «Үлкен ел – үлкен отбасы» фотокөрмесі ашылды, деп хабарлайды BNews.kz.


«Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасының идеясын Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 22-сессиясында ұсынған болатын.

Фотокөрме тарихи феноменді – корей, ұйғыр, неміс, өзбек театрларының өзінің этникалық отанынан тыс жерде мемлекеттік деңгейде жұмыс істейтін жалпыұлттық бірліктің және алуан түрлі мәдениеттің қазақстандық моделін ашып көрсетуге бағытталды.

«Бүгінгі «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасы аясында Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп ұйымдастырылып отырған бұл фотокөрме – Қазақстан халқының қаншалықты бірлікте өмір сүріп жатқанының айқын айғағы деп ойлаймын. Елімізде өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлт өкілдері бірлік пен татулықты ту ете өмір сүріп жатқанын тек сөз жүзінде ғана айтып қоймай, осындай фотокөрмелер арқылы да халық санасына сіңіру – үлкен жұмыс», – дейді ҚР Ұлттық музейі директорының орынбасары Абай Сатыбалдин.

Фототуындылар ұлттық мәдениеттердің ашық бояуларына қанық, бірінде кезекті ұлттық мерекенің сауық-сайраны, енді бірінде ұлттық мерекеміз Наурыздағы шадыман шаттық, үшіншісінде – ел өміріндегі жауапты сәт – сайлау және т.б. бейнеленген.

«Қазақстан – әрбір азаматы өз орнын таба алатын үлкен ел және үлкен отбасы. Біз ұйымдастырып отырған фотокөрме арқылы үлкен еліміздің, үлкен отбасымыздың шағын нұсқасын көрсеткіміз келді. Осы көрмеден сіздер достық мейірім көрсеңіздер – бұл шара өз көздегеніне жетті деп ойлаймын», – дейді ҚР Ұлттық музейінің экспозиция және көрме қызметінің басшысы Тоғжан Темірғалиқызы.

 


comments powered by HyperComments