21 маусымда «Ақтөбе – құтты мекен» форумы өтеді

21 маусымда «Ақтөбе – құтты мекен» форумы өтеді

20 маусым, 10:24 108 Ақтөбе облысы
21 маусымда «Ақтөбе – құтты мекен» форумы өтеді

Жерлестерінің форумына қатысуды Қазақстан мен оның сыртында жүріп саясатта, бизнесте үлкен жетістіктерге жеткен 80 ақтөбелік растады, деп хабарлайды BNews.kz

Облыс басшылығы ірі шараның көмегімен Ақтөбе облысының тумаларын өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуге тартуға ниетті.

Форум аясында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбе олысының тумаларымен кездесуі барысында ынтымақтастықтың келешегі талқыланып, жалпы құны 1,6 млрд теңге болатын 508 жобаны бірігіп жүзеге асыру туралы келісімге қойылады.

Қонақтар өңірдің инвестициялық әлеуетімен танысып, сонымен қатар, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынып жатқан тұрғын үйлер құрылысымен, Хоккей модулінің қызметімен таныса алады.

Бұдан өзге, қатысушыларға Ақтөбеде мемлекеттік жеке серіктестік аясында жүзеге асырылып жатқан  Неке қию сарайының, жастар сарайының, офтольмологиялық орталықтың, облыстық өлкетану мұражайы мен т.б. құрылысы көрсетіледі.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Нұрлы жер»