7 мамырда «Үркер» сыйлығына қатысуға өтініштерді қабылдау басталды

7 мамырда «Үркер» сыйлығына қатысуға өтініштерді қабылдау басталды

18 мамыр, 18:10 400 Астана
7 мамырда «Үркер» сыйлығына қатысуға өтініштерді қабылдау басталды

Баспасөз, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2017» Ұлттық сыйлығына 15 аталым бойынша қатысуға өтініштер қабылданып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазіргі уақытта баспасөз, радио және интернет-журналистика бағытында қалам тербеп жүрген қауымға арналған мәртебелі сыйлыққа қатысуға 70-тен аса өтініш қабылданған. Үміткерлер әсіресе «Үздік сұхбат», «Үздік фотосурет», «Үздік репортаж» аталымдары бойынша бақтарын сынап көруге пейілді. Өтініштерін тек жеке авторлар ғана емес, шығармашылық ұжымдары да жолдап отыр. Бұл тұрғыда Қостанай, Шығыс Қазақстан мен Солтүстік Қазақстан облыстарындағы әріптестер мен ұжымдардың белсенділігін атап өткеніміз лазым.

Бұған дейін бейхабар болып келген әріптестер есіне сала кетейік, өтініштерді қабылдау 2017 жылдың 7 маусымына дейін жалғасады. Қажетті құжаттарды http://urker-2017.el.kz/ сайты арқылы жолдай аласыздар. Баспасөз бен интернет-басылымдарда жарияланып, радиохабар дайындап жүрген әрбір журналист пен шығармашылық ұжым конкурсқа қатысып, «Үркер» сыйлығын ұтып ала алады. Үміткерлер ұсынған материалдарды кәсіби журналистер мен танымал тұлғалар, мемлекет және қоғам қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы сараптап, сұрыптайды.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі журналистердің кәсіби мерекесі – 28 маусым күні Елордамыз Астанадағы әсем ғимараттардың бірінде, салтанатты жағдайда өтеді.

Тағы бір ескерте кететін мәселе, қаламды қару еткен қауымның қажырлы еңбегін ескеріп, атап өту мақсатында жүлде тағайындалғаны туралы Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында мәлімдеген еді.

Аталған шараны ұйымдастыруды – «Қазконтент» АҚ қолға алды. Ал, сыйлықтың құрылайшысы - Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі.

«Үркер-2017» сыйлығының негізгі мақсаты – еліміздегі дарынды, қарымды журналистер мен сапалы медиа-жобаларды анықтап, марапаттау.

Бағыңызды сынап көріңіз, әріптес!

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «байқау»