Аймақтағы интернет журналистер арасында байқау басталды

Аймақтағы интернет журналистер арасында байқау басталды

21 желтоқсан, 16:59 235 Астана
Аймақтағы интернет журналистер арасында байқау басталды

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен «Қазконтент» АҚ Өңірлік интернет-БАҚ арасында үздік контент үшін жыл сайынғы сыйлықты табыстау рәсімін жариялады, деп хабарлайды  BNews.kz.

Сыйлықты табыстау рәсімінің мақсаты жыл соңында қорытындылай және марапаттай отырып, жылдық негізде өңірлік Интернет-БАҚ контентін толтыру мен ілгерілетудің ең үздік отандық үлгілерін анықтау болып табылады.
Конкурсқа бұқаралық ақпарат құралдары ретінде тіркелген заңды тұлғалар қатыса алады. Сыйлыққа өтінімдерді қабылдау ресми сайттағы өзін-өзі ұсыну нысанында өтінім ретінде электронды түрде жүзеге асырылады. Сыйлық қатысушыларына электронды пошта арқылы өтінімді қабылдау туралы хабарламалар жолданатын болады. Тіркелген сыйлық қатысушыларының тізімі ресми сайтта жарияланады. Үміткерлердің өтінімдерін қабылдау мерзімін Ұйымдастыру комитеті анықтайды.
Сыйлықтың номинациялары:
1.Үздік креативті көзқарас; (үздік креативті материалды жариялау)
2. Саладағы үздік үлесі;
3. Үздік арнайы жоба;
4. Үздік мультимедиа контенті;
5. Үздік дизайн;
6. Үздік бренд (танымдылығы).

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»