Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары ауысты

Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары ауысты

20 маусым, 13:03 252 Ақмола облысы
Ақмола облысы әкімінің орынбасарлары ауысты

Ақмола облысының әкiмi М. Мырзалин аппарат кеңесінде кадрлық ауыс-түйістерді баяндады, деп хабарлайды BNews.kz.

Облыс әкiмi М.Мырзалиннiң 2017 жылғы 19 маусымдағы өкiмiне сәйкес, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Крылов Василий Леонидович Ақмола облысы әкiмiнiң өндiрiс салалары бойынша орынбасары болып тағайындалды.

Василий Крылов Пермь мемлекеттiк педагогикалық институтын, Қазақ мемлекеттiк басқару академиясы жанындағы нарық институтын, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетiн бiтiрген. Экономика ғылымдарының кандидаты. 2005-2008 жылдары Алматы қаласы, Медеу ауданының әкiмi, 2008-2014 жылдары Астана қаласы әкiмiнiң орынбасары қызметiн атқарған. Тағайындалғанға дейiн Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы лауазымын атқарды.

Облыс әкiмiнiң биылғы жылдың 19 маусымындағы өкiмiне сәйкес, ҚР Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Нұркенов Нұрлан Жаңбыршыұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты, қызметiнен босатылды.

Облыс әкiмi М. Мырзалиннiң 2017 жылғы 19 маусымдағы өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмiмен Мысырәлiмова Айна Ермекқызы Ақмола облысы әкiмiнiң әлеуметтiк мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды. Айна Мысырәлімова Қарағанды мемлекеттiк университетiн орыс тiлi және әдебиетi пәнiнiң мұғалiмi мамандығы бойынша және Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекекеттiк университетiнде әлеуметтану мамандығының бакалавр дәрежесiн алған.

Еңбек жолын 1983 жылы бастаған. 1994-2005 жылға дейiн жергiлiктi атқарушы органдарда әртүрлi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет лауазымдарында жұмыс iстедi.

2005-2008 жылдары Ақмола облысы iшкi саясат департаментi директорының орынбасары қызметiн атқарды. 2011 жылға дейiн Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болып iстедi. 2013-2015 жылдары Аршалы ауданы әкiмiнiң орынбасары, 2015 жылы Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушiсi болды. 2015 жылдың қарашасынан бастап облыстық iшкi саясат басқармасының басшысы лауазымын атқарды.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Ақмола облысы»