Ақмола облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығы аталып өтті

Ақмола облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығы аталып өтті

19 мамыр, 10:26 124 Ақмола облысы
Ақмола облысында ардагерлер ұйымының 30 жылдығы аталып өтті

Ақмола облысында ардагерлер ұйымының құрылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара өтіп, оған аймақ басшысы М.Мырзалин арнайы қатысты, деп хабарлайды BNews.kz.

Соғыс және еңбек ардагерлерi мен зейнеткерлердiң мүддесiн қорғау мақсатында құрылған ардагерлер ұйымына биыл 30 жыл толып отыр. Қазақстан бойынша екi миллионнан астам адамды бiрiктiретiн ұйым бүгiндерi тек ардагерлердiң құқықтарын қорғап қана қоймай, жас ұрпаққа отансүйгiштiк тәрбие беру сияқты маңызды мiндеттi де абыроймен атқарып келедi. Тек Ақмола облысында аталған ұйымға 100 мыңнан астам ардагер мүше болып отыр.

Облыс әкiмi Мәлiк Мырзалин ардагерлерге арнаған құттықтау сөзiнде екiншi дүниежүзiлiк соғыс, одан кейiнгi қалпына келтiру, тың игеру сияқты ауыр кезеңдердi бастан өткерген ардагерлерiмiздiң елiмiздiң тәуелсiздiгiн нығайтып, экономикасын дамытуға да сүбелi үлестерiн қосқандығын айта келе, олардың еңбектерi ешқашан ұмытылмайтынын атап өттi.

Жиын соңында 40 тан астам ардагер көпжылдық еңбегi және қоғамдық өмiрге белсене араласып, жастарды отансүйгiштiк рухта тәрбиелеуге сүбелi үлес қосқаны үшiн мерейтойлық медальдармен, облыс әкiмiнiң алғыс хатымен және құрмет белгiсiмен марапатталды.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Ақмола облысы»