Ақмола облысында кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде дөңгелек үстел өтті

Ақмола облысында кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде дөңгелек үстел өтті

17 мамыр, 10:55 166 Ақмола облысы
 Ақмола облысында кәмелетке толмағандардың ісі жөнінде дөңгелек үстел өтті

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «Тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Дөңгелек үстел жұмысына судьялар, сот қызметкерлері, «ЛУЧ НАДЕЖДЫ» адамдар құқығын қорғау және туберкулезбен күрес жүргізу қоғамдық қорының директоры Любовь Рубежанская, сонымен қатар Көкшетау қаласының қорғаншы және қамқоршы органының өкілдері қатысты.

Сот төрайымы Айсұлу Жұматова дөңгелек үстелде сөз сөйледі.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың қауіптілігі құрбан болған адамға физикалық жәбір, денсаулығына зиян келтіріледі және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан адам психикалық тұрғыдан басылып қалады. Ата-аналар өз ата-аналық міндеттерін орындау кезінде баланың физикалық және психикалық денсаулығына зардап келтіруге құқықтары жоқ», - деді ол.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Ақмола облысы»