Ақмолалық дәрігерлер нәрестеге аса күрделі «Бьянчи отасын» сәтті жасады

Ақмолалық дәрігерлер нәрестеге аса күрделі «Бьянчи отасын» сәтті жасады

17 мамыр, 17:02 280 Ақмола облысы
Ақмолалық дәрігерлер нәрестеге аса күрделі «Бьянчи отасын» сәтті жасады

Ақмола облыстық балалар ауруханасының дәрігерлері ауыр дертпен дүниеге келген сәбидің өмірін арашалап қалды, деп хабарлайды BNews.kz.

16 мамыр Степногор қаласының тұрғыны Евгения Акаева үшін баласының өмірге қайта келген күні болып саналады. Бұл күні он күндік шақалаққа дәрігерлер ота жасап, өмірін аман алып қалған.  

«Жүктілік қалыпты жағдайда өтіп жатты. Дәрігерге уақытында қаралып, тиісті анализдерді тапсыратынмын. Кейін УДЗ баланың жүрегінде ақау бар деп Астанаға жіберді. Ол жақтағы дәрігерлер тексеріп, жүрек емес, асқазаны кеңейген деп жұбатты», - дейді жас ана.

Ұл бала 34 аптада өмірге келіпті. Дәрігерлер «Туа біткен асқазан-ішек жолдары ақауы,  гастрошизис. Неонаталдық инфекция, сепсис. Тыныс алу жолының бұзылуы» деген 3 бірдей ауыр диагноз қойған. Емдеу мекемесінің бас дәрігері С.Ақшаловтың айтуынша баласына бұндай диагноз қойылған аналар сәбилер төртінші деңгейлі медициналық мекемелерде, яғни қажетті құралдармен жабдықталған Астаналық клиникада босануы керек екен.

Көкшетаудан Степногорға санитарлық авиациямен дәрігер – реаниматолог Елена Иванова мен неонаталдық хирург Ернар Қожабеков келіп, жедел түрде аса күрделі «Бьянчи отасын» жасаған. Екі апта бойы жан сақтау бөлімшесінде жатқан нәресте қазір бөлімшеге шықты.

«5 күннен соң жағдайы тұрақталған соң санавиациямен біздің ауруханаға жеткізілді. Қазір жағдайы жақсы, үйіне шығарамыз. Бес күннен кейін оның жағдайды жақсарды. Содан соң тікұшақпен біздің ауруханамызға әкелді. Екі апта реанимациядан кейін баланы патологиячмен туылған баллар бөлімшесіне ауыстырдық. Енді оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Сондықтан ауруханадан шығарамыз», - деді Серік Ақшалов.

«Осы кезге дейін басымыздан өткенді ешкімге де тілемеймін. Бірақ біздің жолымыз болды. Иванова және Қожабекова сынды дәрігерлерге алғысым шексіз. Аурухананың барлық қызметкеріне рақметімді айтамын. Олар нағыз адам  сенбейтін жаңалық жасады», - деп көзіне жас алды баланың анасы Евгения Акаева.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Ақмола облысы»