Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы үйлер көрсетілді

Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы үйлер көрсетілді

18 шілде, 14:09 210 Ақтөбе облысы
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы үйлер көрсетілді

Ақтөбеде Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғызылған алғашқы дайын тұрғын үйлердің тұсауы кесілді, деп хабарлайды Вnews.kz.

Құрылыс кестеге сай жүргізілуде. Қазіргі таңда аумақты абаттандыру, шатыры мен қасбетін орнату, пәтердің ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, 2017 жылдың І жарты жылдығының қорытындысы бойынша өңірде тұрғын үй құрылысының тұрақты өсімі байқалды. Бұған Ақтөбенің ҚР-да «таунхаус» типіндегі үшқабатты несиелік және тез тұрғызылатын жеке тұрғын үйлердің құрылысын қарастыратын «Нұрлы жер» бағдарламасының пилоттық жобасын жүзеге асырған алғашқы қалаларының бірі болуы бірден бір себепші.

Жобаның бірінші кезеңінде 210 мың м2 тұрғын үй немесе 2952 пәтер салынды, соның ішінде 914 отбасы ағымдағы жылы жекеменшік баспанамен қамтылды.

2017 жылдың басынан бері облыс бойынша 242 мың м2 тұрғын үй пайдалануға берілді, ал жыл соңына дейін кем дегенде 650 мың м2 тұрғын үй салынбақ. Бұдан өзге, ЖТҚ дамыту аясында кезекте тұрған облыс тұрғындарына 15 мың жер телімі берілетін болады.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Нұрлы жер»