Әлеуметтік әлсіз топ үшін арендалық пәтер салуға 25 млрд. теңге бөлінді

Әлеуметтік әлсіз топ үшін арендалық пәтер салуға 25 млрд. теңге бөлінді

18 шілде, 11:17 449 Астана
Әлеуметтік әлсіз топ үшін арендалық пәтер салуға 25 млрд. теңге бөлінді

Республика бойынша 2017 жылдың 6 айында 47 738 баспана пайдалануға берілді. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің Физикалық көлем индексі өткен жылмен салыстырғанда 11%-ға артты (43,1 мыңнан 47,7мың баспанаға дейін). Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Вnews.kz.

Министрдің айтуынша, көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны 33%-ға ұлғайғаны байқалады (24 мыңнан 33,2 мыңға дейін). Тұрғын үйді іске қосу бойынша Астана қаласы (1510 мың шаршы метр), Алматы қаласы (928 мың шаршы метр), Маңғыстау (542,5 мың шаршы метр) және Оңтүстік Қазақстан (318 мың шаршы метр) облыстары алдыңғы қатарда.

Республиканың 14 өңірінде тұрғын үйді іске қосу көлемі артқаны байқалады. Өткен жылмен салыстырғанда Батыс Қазақстан (84%), Жамбыл (44%), Солтүстік Қазақстан (41%), Қызылорда (38%), Маңғыстау (35%) облыстарында және Астана қаласында (33%) тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі айтарлықтай ұлғайған.

Бағдарламаның негізгі бағыттарының бірі – бұл халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлер салу. Бұл бағытқа биыл республикалық бюджеттен 25 млрд. теңге бөлінді.

«Бүгінгі күні 6,1 млрд. теңге өңірлерге аударылды, қалған қаражат қаржыландыру жоспарына сәйкес аударылатын болады. Бөлінген қаражатқа 5936 пәтердің (311 мың шаршы метр) құрылысы басталды, оның ішінде 2017 жылы 2 687 пәтерді (150 мың шаршы метрді) пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ретте, 2178 пәтерді (120,3 мың шаршы метр) пайдалануға беру күтіліп отыр. Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері жеке тұрғын үй құрылыс аудандары инфрақұрылыммен қамтамасыз етілмегендіктен және құрылыс-монтаждау жұмыстарына (ҚМЖ) конкурстық рәсімдер уақытында өткізілмегендіктен объектілерді беруді 2018 жылға ауыстыруды жоспарлап отыр»,-деді Жеңіс Қасымбек.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Нұрлы жер»