Астана туралы ең үздік материал байқауы жарияланды

Астана туралы ең үздік материал байқауы жарияланды

20 маусым, 19:37 155 Астана
Астана туралы ең үздік материал байқауы жарияланды

Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлері күні қарсаңында Астана қаласының әкімдігі елорда туралы үздік материал байқауын жариялады, деп хабарлайды BNews.kz.

Байқау келесі номинациялар: БАҚ баспасөздегі үздік мақала, телеарнаның үздік сюжеті және интернет ресурстағы үздік материал бойынша өтеді және 2017 жылы жарияланған материалдар қатыса алады.

Өтініштер 20 мен 26 маусым аралығында қабылданады. Жеңімпаздар Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаевтің төрағалығымен арнайы комиссия анықтайтын болады. Жеңімпаздарға қала әкімі атынан бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталады.

Қызығушылық танытқан барлық бұқаралық ақпарат құралының өкілдері өз жұмыстарын 7782597@inbox.ru. электронды поштасына жібере алады. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Астана»