Астанада адамды азаптаудың алдын алу мәселелеріне арналған форум өтті

Астанада адамды азаптаудың алдын алу мәселелеріне арналған форум өтті

17 мамыр, 13:25 275 Астана

Астанада "Азаптауды алдын алу, қазақстандық және халықаралық тәжірибе" атты ұлттық алдын алу тетігінің алғашқы форумы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Форум жұмысына ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың - Президент Әкімшілігінің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың, Бас прокуратураның өкілдері, сондай-ақ Еуропа және Орталық Азия елдерінің ұлттық құқық қорғау мекемелерінің өкілдері мен ҰАТ басшылары, азаматтық қоғам, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу аясында бас бостандығынан айыру және шектеу орындарына мониторинг жүргізу саласындағы азаптауларды алдын алу институтының қызмет етуінің қазақстандық тәжірибесі ұсынылды. Бұған қоса ҰАТ қызметін әрі қарай жетілдіру жолдары, соның ішінде оның заңнамалық реттеу мәселелері талқыланды.

Форумның негізгі аспектісі 2016 жылғы алдын ала болу қорытындылары бойынша Қазақстанның ҰАТ шоғырландырылған баяндамасы тыңдалды. Құжатта өткен жылы атқарылған жұмыстар мен ҚР ІІМ, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің, Білім және ғылым министрлігінің жабық мекемелерде адам құқықтарының сақталу жайы көрсетілген.

Форумның қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның ҰАТ қызметіне жоғары сапасы мен жүйелік сипатын атап өтіп оң баға берді. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «форум»