Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVI отырысы өтті

Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVI отырысы өтті

18 мамыр, 15:43 184 Астана
Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының XVI отырысы өтті

Бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының XVI отырысы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Отырысқа қатысушылар Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VІ съезінің өткізілетін күнін белгілейді, сондай-ақ осы форумға дайындық барысы туралы мәселелер талқыланды. Шараның күн тәртібіне Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіндегі басымдықтарының тұсаукесері де енгізілді.

Мәдени бағдарлама шеңберінде әлемдік ірі дін конфессияларының өкілдері «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме павильондарын аралайды және Ұлттық мұражайға экскурсия жасайды. Бұл шараға ислам, христиан, иудаизм, буддизм, даосизм, синтоизм, индуизм, сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың басшылары, оның ішінде БҰҰ Өркениеттер Альянсының директоры Метью Ходс, Дүниежүзілік бейбітшілік хабаршысы Кеңесінің Бас хатшысының Пичаи Товивич, Біріккен Араб Әмірліктері толеранттылық мәселелері жөніндегі министрінің кеңесшісі Рашид әл-Тунайджи және басқалар қатысты.

 

Loading...