Астанада бұрын сотталған азаматтан 11 млн теңгенің есірткі заты тәркіленді

Астанада бұрын сотталған азаматтан 11 млн теңгенің есірткі заты тәркіленді

18 мамыр, 11:30 212 Астана
Астанада бұрын сотталған азаматтан 11 млн теңгенің есірткі заты тәркіленді

Астанада 17 мамыр күні Жамбыл облысының тумасы 14 кг есірткі затымен ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана қаласы бойынша ҰҚКД мен ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы жедел-іздестіру шарасы барысында елордаға есірткі затын жеткізіп, оны сатумен айналысқан Жамбыл облысының 1978 жылы туған азаматын қолға түсірді.

«Фламинго» саяжай қауымдастығы аумағында «Mazda 323» көлігі тоқтатылып, автомобильді тінту кезінде жалпы салмағы 14 келіден асатын «гашиш» табылды.  Оның қара нарықтағы құны 11 млн теңгеден асады.

Күдікті бұған дейін де есірткі қылмысына байланысты 5 жылға сотталған. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына қамалды, тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «қылмыс»