Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының күндері өтеді

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының күндері өтеді

20 маусым, 09:36 456 Ақмола облысы
Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының күндері өтеді

Бүгін Астанада Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының мәдениет күндері басталады, деп хабарлайды BNews.kz.

Мәдениет күндерінің аясында Ақмола облысы филармониясының кәсіби ұжымдарының, облыстың ең үздік шығармашылық көркемөнерпаз ұжымдарының гала-концерттерін, кескіндеме суреттерінің, халық шығармашылық сәндік-қолданбалы өнер шеберлері жұмыстарының көрме-сатылымдарын, қазақ халқының ұлттық дәстүрлерін көрсететін этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шаралар мен ұлттық спорт ойындары көрсетіледі.

Бағдарламаға аясында:

Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті (Халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің амфитеатры, 20 маусым, сағ. 21.00 – 22.10)

- Ақмола облысы Мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы (Астана қ. әкімдігінің алдындағы алаң, 21 маусым, сағ. 19.00-21.00)

«Ақмола жұлдыздары» гала-концерті, суретшілер мен қолөнер шеберлерінің көрмесі, «2017.EXPO.АКМОLA» әдеби саябақ («Отан қорғаушылар» монументі алдындағы «Парус» сахнасы, 23 маусым, 11.00-17.00);

Этноауылдағы театрландырылған мәдени-көпшілік іс-шараларда Көкшетау қаласы, Бурабай, Шортанды, Қорғалжын аудандарының көркемдік шеберханаларының шеберлері, шебелік сабақтарын өткізіп, «Блэк» ЖШС ұлттық нақыштағы табиғи заттардан жасалған жұмыстарын көрсетеді. («Қазанат» ипподромы, 22-25 шілде, 11.00-20.00);

Облыстық шығармашылық ұжымдарының «Дала сыры» атты концерті («Қазанат» ипподромы, 22 маусым сағ. 11.00 – 20.00);

М.Шахановтың повесі бойынша облыстық орыс драма театрының «Шыңғысхан» рок-операсы (этноауыл амфитеатры, 23 маусым сағ.12.00-13.20 )

Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының «Көкше әуендері» атты концерттік бағдарламасы (этноауыл амфитеатры, 24 маусым сағ.18.00-20.00)

Ш.Құсайыновтың «Анамның ақ көйлегі» драмасы, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театры («Жастар» сарайы, 23 маусым, сағ. 19.00);

«Бременские музыканты» балалар қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 21-25 маусым, сағ. 1100);

А.Островскийдің «Бесприданница» караоке – мелодрамасы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 22 маусым, сағ. 19.00);

М.Әуезовтің «Қарагөз» трагедиясы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 23 маусым, сағ. 19.00);

П.Морозованың музыкалық феериясы бойынша «Алые паруса» қойылымы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драма театры, 24 маусым, сағ. 19.00);

Е.Шварцтың «Дракон» трагифарсы, облыстық орыс драма театры (М.Горький атындағы орыс драмтеатры, 25 маусым, сағ. 19.00).

тақырыпты жалғастыруға «Ақмола облысы»