Астанада көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда

Астанада көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда

20 желтоқсан, 17:14 301 Астана
Астанада көлік инфрақұрылымы табысты жаңғыртылуда

Елордада жыл басынан бері аялдама павильондары орнатылып, электрондық жолақы төлеу жүйесі мен жүктемесі көп бірқатар көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді, қоғамдық көлік үшін жолақтар бөлінді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

2016 жылы Астанада 45 аялдама павильоны орнатылды, 55 дана «Жабық типтегі аялдама павильондарының құрылысы» жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізілді, 5 бағдаршамдық нысан орнатылды.

Сондай-ақ, қалада электрондық жолақы төлеу жүйесі (ЭЖТЖ): 4 қазаннан бастап ЭЖТЖ экспресс-бағыттарда, ал 9 қарашадан қалалық бағыттарда енгізілді.

Қаланың көші-жол желісіне жүктемені төмендету мақсатымен жеті көшеде бір бағытты қозғалыс енгізілді.

«Жоба енгізілгеннен кейін көлік ағынының орташа қозғалыс жылдамдығы 30%-ға дейін артты, жол қиылыстарында іркілу уақыты 78-ден 40 секундқа дейін қысқарды, ал көлік құралдарының қарқындылығы 20%-ға артты», - дейді қалалық көлік басқармасының қызметкерлері.

Сонымен қатар, 2016 жылы елорданың көлік инфрақұрылымын жаңғырту шеңберінде қоғамдық көліктер үшін жеке жолақ - Bus lane бөлу бойынша жұмыс басталды. Жыл басынан бері қаланың қозғалысы тығыз бес көшесінде жалпы ұзындығы 38,4 км болатын жеке жолақтар пайда болды. Сондай-ақ, ITS екінші кезегін іске асыру бойынша жұмыстар басталды, 54 жол қиылысын автоматтандыру қарастырылған.

2016 жылы Железнодорожный, Промышленный тұрғын алаптарына, Қобыланды батыр көшесімен қоғамдық көлік жүре бастады.

тақырыпты жалғастыруға «Астана»