Астанада қосымша 2 автостанция ашылатын болады

Астанада қосымша 2 автостанция ашылатын болады

19 мамыр, 16:07 292 Астана
Астанада қосымша 2 автостанция ашылатын болады

Астанада жолаушыларды тасымалдау үшін қосымша 2 автостанция ашылады. Бұл туралы Үкіметте өткен брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды BNews.kz

Астана қаласына автокөлікпен жолаушыларды тасымалдау үшін (Маңғыстау мен Атырау облыстарынан бөлек) автобус рейстерінің саны 53-тен 118 рейске дейін арттырылады. Қолданыстағы 148 бірліктен бөлек қосымша 251 автобус жұмыс істейтін болады. Осылайша тәулігіне 400 автобус көрмеге қонақтарды таситын болады.

Аталған автобустардың бағыты үш автостанция бойынша бөлінеді. «Сапаржай Астана» ағымдағы рейстерге қызмет көрсетеді, күніне шамамен 53 рейс. Орташа есеппен 2 410 жолаушы. Барлық қосымша рейстер жаңа автостанциядан шығатын болады. «Алай» СО автостанциясы тәулігіне шамамен 31 рейс қабылдап, Солтүстік және Батыс аймақтардан келетін (Көкшетау, Петропавл, Қостанай, Павлодар, Талдықорған, Орал, Ақтөбе, Өскемен қ.қ.) 1 395 жолаушыға қызмет көрсетеді.

«Алай» автостанциясының филиалы «КЕҢ МАРТ» күніне (1 530 жолаушы) Оңтүстік және Орталық аймақтардан (Алматы, Шымкент, Тараз, Қызылорда, Қарағанды қ.қ.) келетін 34 қосымша рейстерді қабылдауға дайын. Ашылуы биыл 1 маусымға жоспарланған.

Қазіргі таңда автотасымалдауды ұйымдастырудың процестерін жедел реттеу мақсатында Комитет мемлекеттік номерлері, иелері, сыйымдылығы және шығарылған жылы көрсетілген автобустар тізілімі құрылып жатыр.

Астана қаласына әкелетін 6 кіреберісте тәулік бойы көліктік бақылауды қамтамасыз ету үшін 1 стационарлық және 5 жылжымалы көліктік бақылау бекетінің жұмысы ұйымдастырылады:  «Астана-Қарағанды» бағытында «Қызылжар» стационарлық бекеті; келесі бағыттар бойынша жылжымалы бекеттер: «Астана – Қосшы», «Астана – Қорғалжың», «Астана – Атбасар», «Астана – Көкшетау» және «Астана – Павлодар».

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»