Астанада мәуліт кеші өтеді

Астанада мәуліт кеші өтеді

23 желтоқсан, 11:45 299 Астана
Астанада мәуліт кеші өтеді

Мәуліт – елімізде кеңінен тойланатын, тарихы терең, мазмұны бай мереке. Осынау ұлық күннің құрметіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі, «Нұр Астана» орталық мешіті 24 желтоқсан (сенбі) күні сағат 18:00-де, «Бейбітшілік және келісім сарайында» Алланың соңғы елшісі, сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) туылған айына орай «Адамзаттың абзалы» атты мәуліт кешін өткізеді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын игі шараға ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қоғам қайраткерлері, ұлт зиялылары мен дінтанушы-ғалымдар қатысады.

Шараның басты мақсаты ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) тағылымға толы ғұмыры мен өнегелі өсиеттерін жан-жақты насихаттап, мұсылман жұртшылығының сүйіспеншілігін ояту.

Жастардың діни көзқарасын дәстүрлі дін құндылықтарымен, жылдармен қалыптасқан әдет-ғұрып қағидаларымен һәм ұлттық болмысымызбен ұштастырып, парасатты қоғам құруға үлес қосу.

Халықтың рухани әлеуетін көтеру, сондай-ақ имандылықты кемелдендіру, қоғамдағы жат қылықтар мен жаман әдеттерден арылту, ислам дінінің асыл құндылықтарын насихаттау.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Нұр Астана мешіті»