Астанада пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу шаралары жүргізілуде

Астанада пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу шаралары жүргізілуде

18 шілде, 14:53 275 Астана
Астанада пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу шаралары жүргізілуде

«Жер қойнауын қорғайық» жобасын жүзеге асыру аясында Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі кеңінен тараған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерінің алдын алу және анықтау бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізуде. Бұл туралы Вnews.kz елорда әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мәселен, жыл басынан бері Астана қаласының ЖПҚ табиғатты қорғау полициясы жалпытараған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша 22 факт анықтаған. Мұндай қазбаларға құм, қиыршық тас, ұсақ тас, топырақ жатады. Барлық факт бойынша «Жер қойнауын өз еркімен пайдалану» ҚРҚК 334 бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Процессуалды шешімдер шығару үшін аталған жағдайлар бойынша материалдар Астана қаласының ІІД тергеу басқармасына берілген.

Анықтама үшін: 2016 жылы кеңінен тараған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша 55 факт тіркелген. ӘКтҚРК-нің «Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» 590 бабын бұзғаны үшін жыл басынан бері әкімшілік жауапкершілікке 18 жүргізуші тартылған, 60 бірлік техника ұсталған.

Пайдалы қазбаларды заңсыз пайдалануға жол бермес үшін Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметкерлері күн сайын күндіз және түнде заңсыз қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін деген орындарда көлікпен және жаяу рейдтер жүргізеді. Бұдан бөлек, тұрғындар арасында кеңінен тараған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша қолданылатын қылмыстық жауапкершілік туралы түсіндіріледі.

Астана қаласы ІІД жергілікті полиция қызметі пайдалы қазбаларды пайдалану заңын бұзу бойынша фактілерді анықтаған жағдайда тұрғындарға 42-08-92, 8701 700 97 99 хабарласуды сұрайды.

Бұдан бөлек, құм, топырақ және де өзге де материалдарға тапсырыс беретін құрылыс және басқа да коммерциялық ұйымдарға өкілетті органдардан арнайы рұқсаты бар кен орындарынан тауарларды қабылдау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

тақырыпты жалғастыруға «Астана»