Астанада пойыздардың кестесі өзгертіледі

Астанада пойыздардың кестесі өзгертіледі

18 мамыр, 12:44 237 Астана
Астанада пойыздардың кестесі өзгертіледі

Жаңа «Нұрлы жол» вокзалының іске қосылуына байланысты 2017 жылдың 1 маусымынан бастап пойыздардың кестесі өзгертіледі, деп хабарлайды BNews.kz.

Жаңа «Нұрлы жол» вокзал кешені 54 пойызға қызмет көрсетеді. Оның 22-і «Тұлпар-Тальго» жүрдек, 16-сы кәдімгі және 16-сы қала маңы пойыздары.

Сонымен қатар, «ЭКСПО -2017» халықаралық көрмесі кезінде әртүрлі бағыттар бойынша қосымша 14 пойыз жолға шығады.

Жаңа вокзалға дейін қала ішінде 2, 14, 32, 48, 50, 57, 201, 202, 500 және 505 автобустары қатынайды. Пойыздардың толық тізімі мен жүру уақыты www.temirzholy.kz. сайтында жарияланған.

Қосымша сұрақтар бойынша темір жол вокзалдарының кассаларына немесе 105 бірыңғай анықтама қызметіне телефон шалыңыз.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «пойыздар»