Астанада үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесі бекітілді

Астанада үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесі бекітілді

19 мамыр, 09:58 163 Астана
Астанада үй жануарларын ұстаудың жаңа ережесі бекітілді

Астанада үй жануарларын ұстау және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша жаңа ереже 2017 жылдың маусым айынан бастап енгізіледі. Бұл туралы  журналистерге «Астана ветсервис» ШЖҚ КММ директоры А.Арыстанов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мамандардың айтуынша, қазіргі таңда елордада иттерді тұмылдырықсыз серуендету, иелері үй жануарларының нәжістерін жинаудан бас тартатыны, аулалар мен спорт алаңдарында серуендететіні ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Бұл бағытта Астана қаласы ІІД ЖПҚ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері иелерімен жиі профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, алайда мәселенің күрмеуі тарқатылар емес.

Сол себепті, осы жылдың маусым айынан бастап мекеме мамандары жаңа ережелер бойынша жұмыс істеуді көздеп отыр. Астанада иттер мен мысықтарды ұстау және серуендетуге қатысты ережеге бірқатар өзгерістер енгізілген. Оның басым бөлігі үй жануарларын стерильдеу, сонымен қатар қараусыз қалған ит пен мысықтарды гуманистік әрекетпен ұйықтатуға қатысты.

Бұған қоса кәсіпорын өкілдері қауіпсіздікті сақтау мақсатында төбелескіш иттерді тек 21 жасқа толған адамдар ғана ұстай алатынын хабарлады.

«Ит иесі туралы өзгерістер енгізілді. Қолданыстағы ережеде 14 жасқа толған адамдар ит иелері бола алады делінген, ал енді 18 жасқа жеткен азаматтар ерекше жауапкершілікті қажет ететін иттердің иелері атана алады. Бұл күнге дейін «Ұстауға көнетін қала иті» курсы бойынша сынақтардан өту керек болған еді, ал жаңа ережеде осы курстан міндетті түрде өту ұсынылады, - дейді Айдархан Арыстанов. Сонымен қатар қолданыстағы ережеден жануардың паразиттік ауруларға тексерілуі тиіс деген пункт алынып тасталды.

Қазіргі уақытта қалалық приюттар мен питомниктерде қоршалған орындардың санын көбейтуге бюджеттен қаржы бөлу қарастырылуда.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Астана»