Астанада жас кәсіпкерлерге грант беру байқауы жарияланды

Астанада жас кәсіпкерлерге грант беру байқауы жарияланды

17 мамыр, 18:01 230 Астана
Астанада жас кәсіпкерлерге грант беру байқауы жарияланды

15 мамырдан бастап Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен өз ісін ашуға мемлекеттік грант беру бойынша ашық конкурс жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту «Бизнестің жол картасы - 2020» бірыңғай бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан байқауға кәсібін ашуға ниеттенген жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүмкіндігі шектеулі жандар және 50 жастан адамдар қатыса алады. Бағымды сынаймын деушілер байқау құжаттарын 15 мамырдан 30 маусымға дейін жұмыс күндері жергілікті уақыт бойынша, сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін Бейбітшілік 11, 522 каб. тапсыра алады. Толық ақпаратты 55-69-95, 55-69-16, 55-69-10, 55-69-21 бойынша білуге болады.

Өтініштер 2017 жылдың 30 маусымы сағат 17:30-ға дейін қабылданады. Байқауды өткізу уақыты өткеннен кейін келіп түскен өтініштер қабылданбайды.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Астана»