Елордаға Сауд Арабиясының ханзадасы келеді

Елордаға Сауд Арабиясының ханзадасы келеді

18 мамыр, 16:15 243 Астана
Елордаға Сауд Арабиясының ханзадасы келеді

Ертең Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге Сауд Арабиясының ханзадасы Турки ибн Фейсал Аль Сауд келеді, деп хабарлайды BNews.kz.

Ханзадамен кездесу ҚР Президенті Н.Назарбаевтың өмірбаяны туралы кітабының тұсаукесері өткен қазақстандық делегаттардың Сауд Арабиясына іссапарының нәтижесінде ұйымдастырылып отыр. Кездесу барысында ЖОО студенттері мен оқытушыларына Түрки ибн Фейсал Аль Сауд мырза араб әлемі мен Орталық Азия арасындағы мәдени-тарихи байланыстар тақырыбында дәріс оқиды.

Іс-шара аясында Турки ибн Фейсал Аль Саудтың әкесі, Сауд Арабиясының патшасы аль-Фейсал туралы кітаптың тұсаукесері өтпек. «Аль-Фейсал: куәгер және азаптанушы» атты кітап Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ қолдауымен қазақ және орыс тілдеріне аударылып, басып шығарылды.

Кітаптың тұсаукесері Патша Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы мен ҚР  Ұлттық музейінің ұйымдастыруымен «Аль-Фейсал: куәгер және азаптанушы» көшпелі көрмесі аясында өтеді.

Еуразия ұлттық университеті мен Патша Фейсал атындағы Исламды зерттеу орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Е. Сыдықов пен Сауд Арабиясының ханзадасы Турки ибн Фейсал Аль Сауд қол қояды.

Меморандумға сәйкес екі елдің ғалымдары мәдениет, ғылым мен білім беру саласында Қазақстан – Сауд Арабиясы қарым-қатынасын дамыту мақсатында ислам және гуманитарлық ғылымдар салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуда жұмыс атқаратын болады.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Астана»