Ауылдағы шағын және орта кәсіп иелері артық төлемақыдан құтылды

Ауылдағы шағын және орта кәсіп иелері артық төлемақыдан құтылды

23 желтоқсан, 14:12 210 Атырау облысы
Ауылдағы шағын және орта кәсіп иелері артық төлемақыдан  құтылды

Атырау облысы Жылыой ауданының шағын және орта кәсіп өкілдері ондаған миллион теңгелерін үнемдеуге мүмкіндік алды. Бұрынын қалыптасқан ереже бойынша газ тасымалдаушы жергілікті компания заңды тұлғалардан тұтынатын көгілдір отын үшін алдын-ала 100% төлем алатын. Кәсіпкерлер палатасының араласуымен енді шағын кәсіп иелері монополист мекемеге  алдын-ала ақша төлемейтін болды деп хабаралайды Bnews.kz тілшісі.    

Бүгінгі күнге дейін жергілікті кәсіпкерлер көгілдір отынды тұтынбастан бұрын монополис компанияға алдын-ала қаржы аударатын болған. Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен газ тасымалдаушы компания арасындағы меморандум енді мұндай талапқа шектеу қойды. Осының арқасында шағын кәсіп иелері енді жеке тұлғалар секілді тұтынған газға тиесілі ақшасын айдың соңында төлейтін болды. Бұл ауылдағы кәсіпкерлер үшін айтарлықтай  жеңілдік болды. 

«Қазірдің өзінде 7,5 мың кәсіпкер Жылыой ауданы бойынша тіркелген болса соның 5,5 мыңы шағын кәсіпкерлер. Шағын кәсіпкерлер орташа есеппен әрбір тұлға 10 мың теңгеден төлейтін болған жағдайда орта есеппен біздер айына 55 миллион теңгедей үнемдейді екенбіз. Бұл кәсіпкерлер үшін өте тиімді, пайдалы деп айтуға болады», - Жылыой аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры.

Газ тасымалдаушы «Жылойгаз» ЖШС енді жаңа меморандум міндеттемелеріне сәйкес шағын кәсіпкерлерден алдын-ала ақы талап етпейді. Атырау облыстық кәсіпкерлік палатасының мұрындық болуымен өңірдегі көгілдір отын тасымалдаушы  «АтырауГазИнвест» және«ҚазТрансГазАймак» компанияларымен де осындай меморандумға қол қойылған болатын.   

«Бүгінгі күнге облысымыздағы көптеген монополист компаниялармен келісімшартқа отырдық. Осының арқасында шағын кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер жасалды. Мұндай мүмкіндіктер әсіресе  шағын кәсіпкерліктің дамуына үлес қосады. Алдағы уақытта да кәсіпкерлерді тығырықтан шығаратын түрлі  әкімшілік,  коммуналдық мекемелер тарапынан болатын кедергілерді жоюға күш салатын боламыз», - дейді Атырау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Асылбек Жәкиев.   

Фото: автор

Бүгінгі күнге дейін кәсіпкерлер палатасы  «АтырауЭнергоСату» ЖШС менде алдын-ала 100% төлемақы жасау туралы шартты бұзып, арнайы  келісімшартқа қол қоюының арқасында шағын бизнес саласы электр қуатын пайдалануға да   аздаған жеңілдік алды.  Осындай іскерлік қарым-қатынастардың арқасында  аймақ кәсіпкерлерінің көптеген жүктері жеңілдеді. Палата тарапынан кәсіпкерлердің құқығын қорғау мақсатында  жаңа жылда тағыда бірқатар монополист мекемелермен арнайы меморандумға қол қою ісі жоспарланып отыр.  

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «»