Биыл Баянауылдың туристік кластерін дамытуға 3 млрд. теңге бөлінді

Биыл Баянауылдың туристік кластерін дамытуға 3 млрд. теңге бөлінді

20 маусым, 17:37 138 Павлодар облысы
Биыл Баянауылдың туристік кластерін дамытуға 3 млрд. теңге бөлінді

Биыл Павлодар облысының Баянауыл ауданында туристік кластерді дамытуға қомақты қаржы бөлінді. Енді демалыс аймағындағы жолдар жаңартылып, жағажай жаңаша кейіпке енеді, деп хабарлайды BNews.kz pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұл туралы Павлодар облысындағы туризмді дамыту мәселелерін қаузаған брифинг барысында Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Әділхан Әбеуов айтты.

Бұл сомаға Торайғыр, Сабындыкөл, Жасыбай көлдерінің аумағындағы жолдарды жөндеу, жарықтандыру жүйесін құру, жағажайды көріктендіру жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, Торайғыр мен Жасыбай арасындағы жолды жөндеудің конкурсы басталып, 1 ай аралығында жаңа асфальт төселмек.

«Баянауылдағы туристік орындар саяхатшыларға Түркиядан да артық қызмет көрсетпек. Баянауылды жазғы ғана емес, қысқы демалыс аймағына айналдыру жоспары бар. Мырзашоқыда канат жолын орнатып, биылғы қысқа дейін қолданысқа береміз. Мемлекет өз тарапынан инфрақұрылымды жүргізеді, ал инвесторлар сервистік қызметті өз мойнына алады. Сондай-ақ, Сабындыкөлдің аумағын дамытуға инвесторлар қажет», - деді Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Ә.Әбеуов.

Ә.Әбеуов Баянауылдағы туризмнің басты проблемаларын да атады. Олар  республикалық маңызды жолдардың жөндеу көрмеуі, инфрақұрылымның нашарлығы, қоғамдық тамақтану орындарын ұйымдастырудың кемшіліктері. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы басшысының орынбасары О.Давыденконың айтуынша, Баянауылдан бөлек Тұзақала, Шалдай, Маралды көліне және Ертіс өзеніне туристерді тарту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «туризм»