Б.Сағынтаев: Үкімет мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады

Б.Сағынтаев: Үкімет мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады

20 маусым, 14:16 168 Астана
Б.Сағынтаев: Үкімет мемлекеттік сатып алулар жүйесін жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырады

Бүгін Үкімет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары саласын жетілдіру бойынша заң жобасына қатысты жұмысты уақытында аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz.

ҚР қаржы министрі Б.Сұлтанов бір жарым жыл бұрын іске қосылған мемлекеттік сатыл алулардың веб-порталының платформасы сатып алулар жүйесін толығымен автоматтандырып, қатысушыларды веб-портал арқылы онлайн режимде электронды камералық бақылауға өтуге мүмкіндік бергенін айтып өтті. Жалпы, қабылданған шаралар бір конкурстағы қатысушылардың орташа санын 4 есеге ұлғайтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

Жүйені одан әрі жетілдіру мақсатында, формалды себептер бойынша ауытқуларға жол бермеу үшін, сатып алуларға қатысушыларға қойылатын талаптар жеңілдетіледі. Оң тәжірибе (бедел) мен салық жүктемесінің коэффициентіне баса назар аударылады. Сонымен қатар, алдын ала біліктілікті іріктеу институты кеңінен қолданылатын болады.

Қаржы министрлігі Инвестициялар және даму министрлігімен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп отандық өндірушілерге қолдау көрсету шараларын әзірледі, оның ішінде Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатылып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің тізімі ұлғайтылды; ұсақ сатып алуларды бір үлкен лотқа біріктіру жоспарда бар.

ҚР қаржы министрі Б.Сұлтановтың мәліметінше, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларын заңнамалық реттеуді қарастыратын заң жобасы әзірленіп жатыр. ҚР Қаржы министрлігінде квазимемлекеттік сектордың барлық субъектілеріне бірыңғай сатып алулар ережесін бекіту бойынша уәкілетті органдарды анықтау жоспарланған, олардың ішінде «Самұрық-Қазына», «Бәйтерек», «ҚазАгро» ұлттық холдингтері бар. Ұлттық компаниялардың сатып алулары үшін жеке ережелер әзірленеді, олар мемлекеттік сатып алуларға қарағанда барынша икемді болмақ.

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шүкеев, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндама жасады.

Мәселені қарастырудың қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі ҚР Қаржы министрлігіне мүдделі органдармен бірге жұмысты жалғастыруды және «Мемлекеттік сатып алулар және квазимемлекеттік сектордың сатып алулары мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын пысықтауды тапсырды.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Үкімет отырысы»