Бүгін еліміздің 5 облысында үсік жүреді

Бүгін еліміздің 5 облысында үсік жүреді

19 мамыр, 09:30 295 Астана
Бүгін еліміздің 5 облысында үсік жүреді

Қазақстанның кей өңірлерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын күтіледі, кей жерлерінде найзағай болады, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде тұман бақыланып, желдің күшеюі күтіледі,  республиканың солтүстігінде үсік сақталады, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік  Қазақстан, күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, облыстарыныңкей жерлерінде  жел 15-20 м/с күшейеді, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының түнде кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-23 м/с болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 0-5 градус үсік жүреді. Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Астанада аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел ауыспалы 5-10 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +2+4°С, күндіз +18+20°С болады. Алматы қаласында көшпелі бұлтты, кей уақытта  жаңбыр жауады, найзағай болады. Желдің күші 2-7, найзағай кезінде желдің екпіні 10м/с болады. Ауаның температурасы түнде +10+12°С, күндіз +20+22°С болады.     

тақырыпты жалғастыруға «ауа райы»