Бүгін Мәжілісте ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері талқыланады

Бүгін Мәжілісте ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері талқыланады

18 мамыр, 09:37 113 Астана
Бүгін Мәжілісте ЖОО-ның академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері талқыланады

Бүгін сағат 14.00-де Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жоғары оқу орындарының академиялық және басқару дербестігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасының таныстырылымы өтеді, деп хабарлайды BNews.kz

Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев тақырып бойынша баяндама жасайды.

Заң жобасын талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаттары, білім және ғылым, ұлттық экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау вице-министрлері орталық мемлекеттік органдардың жауапты қызметкерлері, жоғары оқу орындарының ректорлары, Парламентте өкілдері жоқ саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және сарапшылар шақырылған.

Жұмыс тобының жетекшісі депутат Ж.Нұрманбетова.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Мәжіліс отырысы»