Павлодар облысында кәсіпкер әйелдердің белсенділігі артты
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Павлодар облысында кәсіпкер әйелдердің белсенділігі артты

ФОТО: автор

Павлодар облысында нәзік жанды кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында ашылған өңірлік әйелдер кеңесінің жұмысы жемісін бере бастады. Бұл туралы іскер әйелдер форумында айтылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Кеңес Ертіс өңіріндегі әйелдердің экономикалық ортадағы белсенділігін арттыру және кәсіпкерлік бағдарламаларды жүзеге асыруды көздейді.  Бұл ұйымның құрамына бизнестің бірқатар саласында еңбек етіп жүрген 20 қыз-келіншек бар. Кеңес мүшелерінің айтуынша, бастамалардың негізгі мақсаты – әйелдерге әлеуметтік және өмірлік бейімделуге қолдау көрсету, жаңа ісін дөңгелеткен азаматшаларды ынталандыру.

Жалпы, кеңес жұмысын бастағалы бері өңірдегі 380 қыз-келіншек бизнес саласындағы білімдерін арттырды. Сонымен қатар, 8 мамандандырылған қызмет бойынша 676 кәсіпкерге сервистік қызмет көрсетілді. Биыл нәзік жанды бизнесмендердің атсалысуымен «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 52,5 млн теңгенің 18 жобасы жүзеге асырылды. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 191 млн теңгенің 68 жобасы мақұлданып, 100-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Кеңестің жұмысы әйел бизнесмендер қатарының артуы мен мемлекеттік бағдарламалардың тиімді жүзеге асуына сеп болды. Бұл туралы форум барысында облыс әкімінің орынбасары Николай Дычко дәйекті мысалдар келтірді.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы жүзеге асқалы бері 190 нәзік жанды кәсіпкер қолдау тапты. Бұл – бағдарламаға қатысқан азаматтардың 25%-ы. Оларға 797 млн теңге несие берілді. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы негізінде 2011 жылы несие алып, ісін дөңгелеткен 177 кәсіпкер болса, олардың небары 41-і әйел болған. Айта кетейік, 2017 жылы осы бағдарлама аясында 368 азаматқа қолдау көрсетілген, ал нәзік жандылардың үлесі 31%-ға артты. Бүгінде іскер әйелдер құрылыс, сауда, тұрғын үй салаларында табысты еңбек етіп келеді», – дейді Николай Дычко.


comments powered by HyperComments