Мешітке келушілер ішінен 25 адам жұмыс берушіге жолдама алды
Наверх

Астана
USD 334.48
EUR 355.62
CNY 48.58
RUB 5.25


Мешітке келушілер ішінен 25 адам жұмыс берушіге жолдама алды

29 қараша 2016 ж 16:37 , Астана
ФОТО: astana.gov.kz

Астанада мешіттерде жұмысқа орналасу бойынша кеңес беру тәжірибесі қолға алынған болатын. Аптасына екі рет бейсенбі және жұма күндері сағат 12:00-ден 15:00-ге дейін елордалық Жұмыспен қамту орталығының мамандары келушілерге жұмыс табуда көмектеседі. Осы уақыт ішінде Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне 200-ден аса адам жүгінген, соның 25-і мамандығы бойынша жұмысқа тұруға жолдама алды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


«Жолдамамен бірден жұмыс берушіге барған дұрыс. Көбінесе жұмыссыздар екінші, үшінші күндері барып, бос жұмыс орнынан айырылып қалады. Бүгін маған 15 адам көмек сұрап келді, бесеуі жолдама алды», – дейді «Әзірет Сұлтан» мешітінде жұмыс жүргізіп жатқан Жұмыспен қамту орталығының маманы Қанат Жұмабаев.

Оның айтуынша, осы күнге дейін еңбек нарығында электрик, слесарь, дәнекерлеуші сияқты техникалық мамандықтарға сұраныс жоғары.

Жұмыспен қамту орталығының мәліметтер базасында бос жұмыс орындарын ұсынумен айналысатын мобильді топтар мешіттерден басқа Орталық базарда, «Шанхай» базарында жұмыс істейді. Мақсат – елордадағы жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін барынша көп жұмыспен қамту.


comments powered by HyperComments