А. Мырзахметов АӨК-ті дамытуға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


А. Мырзахметов АӨК-ті дамытуға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын таныстырды

2 желтоқсан 2016 ж 15:48 , Жамбыл облысы
ФОТО: ҚР АШМ баспасөз қызметі

Елбасы Агро өнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама тұжырымдамасын мақұлдағаннан кейін Үкімет мүшелері қабылдады. Одан кейін бұл құжат Мәжіліс пен Үкіметте қаралды, деп хабарлайды BNews.kz.


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Тараз қаласында Қазақстанның Оңтүстік өңір Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен кездесіп, әзірленіп жатқан бағдарламаны талқыға салды.

АӨК-тің жаңа ролін жүзеге асыру еліміздің тұрақты дамуын, еңбек өнімділігін арттырады және халықтың көпшілік бөлігінің өмір сүру деңгейін көтеруді қамтамасыз етпек Бұл міндеттерге ауқымды түрде кооперацияларды дамыту арқылы жетуге болады.

Кооперативтерді техникалық жағынан жабдықтау «КазАгро» холдингі арқылы жүзеге асырылады. ЖҚШ бойынша ветеринарлық, агрохимиялық, қаржылық, және өнімді өткізу бойынша кеткен шығындары кооперативтерді субсидиялау бойынша беріледі.

Ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту барысында өңдеуші кәсіпорындардың қосымша жүктемелігін 30%-ға қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сауданың үстеме бағасын 15-20%-ға делдалдарды қысқарту арқылы төмендету көзделіп отыр.

Бағдарлама 2021 жылға қарай 500 мыңға жуық ЖҚШ мен ұсақ шаруа қожалықтарды тартуды жоспарлап, 1200-ге жуық ауыл шаруашылығы кооперациялары құрылады.

Сонымен қатар, кооперативтер өздерінің үлескерлеріне, яғни қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықтарына ветеринарлық, агрохимиялық, техникалық қызмет көрсету және жем дайындау бойынша бірнеше қызметтер көрсете алады. Мысалы, ауыл адамдарының малы үшін шөп қажет болды делік. Өзінің құны 7-8 мың тонна болатын шөп, жазғы уақытта 20 мың теңгеге, күзде 30 мың теңге, қыста 40 мың теңгеге дейін қымбаттайды. Ал, кооператив мемлекеттің қолдауымен лизинг арқылы сатып алынған трактор, шөп шабатын машина, тіркемелерді пайдаланып, арзан бағамен шөппен қамтамасыз ете алады. Бір сөзбен айтқанда, кооперативтер ЖҚШ және дамытуға арналған негізгі мәселелерді шешіп береді.

Кооператив ауыл тұрғындарын жем-шөп цехы арқылы бір орталықтан құрама азықпен қамтамасыз етеді.

Кооперацияның тағы бір артықшылығы – ауыл тұрғындарына шағын несие алуға мүмкіндік береді.

Ал, азық-түлік өнімдерін сыртқы нарыққа шығару «Продкорпорация» АҚ негізінде құрылатын жаңа экспорттық орталығымен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік бағдарлама аясында егіс алқаптарын әртараптандыру жалғастырылатын болады. Босатылған алқаптарға экспортқа сұранысы жоғары арпа, сұлы, жүгері және майлы дақылдар егіледі. Біздің тарапымыздан егіс алқаптары өңірлер мен дақылдар кесімінде есептелді.

Қазіргі заманғы агротехнология трансферттеріне Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ерекше назар аударылады. Сол мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі агротехнологиялық трансферттеу орталығында шетел тілдерін білетін жас мамандардан құралады.

Бағдарламабойынша субсидия мен несие алушылар «КазАгро» арқылы қарастырылады.

Бағдарлама барысында субсидия мен несие алушылар алушылар саны 7 есеге дейін көбейіп, «КазАгро» арқылы жеңілдікпен алатындар саны артып, несие алатын орта және шағын кәсіпкерлікті қолдау 1,4 есеге көбейеді.

1 теңге бойынша субсидиялау 2 есеге дейін, яғни 7,5 теңгеден 13 теңгеге дейін көбейеді. Бұл жалпы өнім өндіру үлесі 50%-ға артады деген сөз.
Жеңілдікпен несие берудегі негізгі мақсат- өңдеуші кәсіпорындардың үлесін көбейту, ал инвестициялық субсидия арқылы қымбат емес ауыл шаруашылығы техникаларының сатып алу қарқынын 1,5-2 есеге дейін ұлғайту.

Қазақстан халқы үшін ауыл шаруашылығы саласы негізгі кіріс көзіне айналады. 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы жиыны 30%-ға 1трлн. теңгеге немесе 3,3 трлн. теңгеден 4,3 трлн. теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда. Сонымен қатар, еңбек өнімділігі 50%-ға 1,2 млн. теңгеден 1,9 млн. теңгеге арттыру, экспорт 17%-ға 2,1 млрд-тан 2,5 млрд. АҚШ долларына дейін, және импорт көлемін 17%-ға 3,4 млрд-тан 2,8 млрд. АҚШ долларына дейін төмендету көзделіп отыр.

Еске сала кетейік, бюджеттен бекітілген алдыңғы бағдарламаға бөлінген қаржы негізінде жаңа индикаторларды жүзеге асыру жоспарлануда, яғни бағдарлама қосымша қаражатты талап етпейді.


comments powered by HyperComments