Ақмоланың озат ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне автокөлік кілттері табыс етілді (ФОТО)
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Ақмоланың озат ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне автокөлік кілттері табыс етілді (ФОТО)

Ақмарал АЙҒАРА, 25 қараша 2016 ж 19:29 , Ақмола облысы
ФОТО: автор

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Көкшетау» мəдениет сарайында Ақмола облыстық агроөнеркəсіп кешені қызметкерлерінің ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиыны өтті. Аталған шарада өңір басшысы Сергей Кулагин озат ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне автокөлік кілттерін табыс етті, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.


Өңір басшысының айтуынша, ширек ғасырдың ішінде облыстың ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып, осы кезеңде өнім көлемі біршама артты. Егін шаруашылығын әртараптандыру бағытында да айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Бұрынғыдай жалғыз бидаймен жəне арпа, сұлымен ғана шектелмей, шаруашылықтар майлы дақылдар, көкөніс пен картоп жəне мал азығы дақылдарын егуге ден қойды. Мұның өзі шаруашылықтардың егіншілік саласынан түсетін табыс көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай елімізде астық жинау көлемі 25 пайызға артып отыр. Бұл – еліміздегі зор қуанышқа қосқан тамаша тарту. Жыл соңында ауыл шаруашылығының табысы біздің өңірде бұрын-соңды болып көрмеген көрсеткішке қол жеткізбек. Нақтылап айтатын болсақ, өндірілген өнім көлемі – 330 миллиард теңге. Осындай табысқа ауыл шаруашылығы саласында уақытпен санаспай, ерен еңбек ететін, мол қажыр-қайратын жұмсаған еңбеккерлердің өз міндеттерін адал атқаруының арқасында қол жетіп отыр. Диқандар уақытпен санаспай, табиғаттың қолайсыздығына қарамай, қысқа мерзімде əрі жоғары агротехникалық деңгейде көктемгі егіс пен орақ жұмыстарының барлық түрлерін атқарып шықты. Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің қазіргі заманғы тиімді технологиясын енгізу жəне егіншілік саласын техникалық жабдықтау мол астық алуға ықпал етті», – дейді облыс әкімі.

Бұл күні өңір басшысы бірқатар еңбек озаттарын Құрмет грамотасы, Алғыс хаттармен марапаттады. «Үздік кәсіп иесі» номинациясында Есіл ауданы «Орловка» ЖШС-нің механизаторы Владимир Дехтерев, Целиноград ауданындағы «Ен-Дала» ЖШС-нің жүргізушісі Қуандық Рахымжанов, Атбасар ауданындағы «Бастау» ЖШС-нің бас агрономы Қайыргелді Ербалин, Бұланды ауданындағы «Журавлевка 1» ЖШС-нің бас зоотехнигі Темірболат Андаров, Ақкөл ауданындағы «Еңбек» ЖШС-нің бас инженері Амангелді Оразбаев, Жақсы ауданындағы «Шұңқыркөл» ЖШС-нің комбайншысы Самат Бекжанов есімді озат ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне автокөлік кілттері табыс етілді.


comments powered by HyperComments