АШМ елдің комбайн паркін үш есе ұлғайтуды жоспарлап отыр
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


АШМ елдің комбайн паркін үш есе ұлғайтуды жоспарлап отыр

29 қараша 2016 ж 10:20

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен үкімет сағатында ауыл шаруашылығы техникасын ТМД елдерінен сатып алуды ұсынды. Министр оның арзанырақ әрі шетелдік аналогтарынан сипаттамасы жағынан кем еместігін және бұл еліміздің комбайн паркін 3 есе ұлғайтуға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


«2015 жылы біз комбайн сатып алуға 3,6 млрд теңге жұмсадық. Сан тұрғысынан алғанда 40% – алыс шетел, 60% – ТМД. Осы ретте, қаражаттың 70%-ын шетелдік техникаға жұмсадық. Негізінен, ТМД: Ресей, Беларусь өндірісінің техникасын сатып алсақ, олар өздерінің техникалық сипаттамалары жағынан шетелдік өнімнен ешбір кем емес, осындай шаралардың нәтижесінде комбайн паркін сол ақшаға үш есе арттыруға мүмкіндік болады», – дейді А.Мырзахметов.

Екіншіден, «ҚазАгроҚаржы» желісі бойынша ауыл шаруашылығы техникасын лизингтік бағдарламамен сатып алуға жұмсалатын ақшаны комбайндар мен ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын отандық зауыт ашумен байланыстыру қажет.

«Олардың көптігі құпия емес, бірақ, олардың көбісі бұрау өндірісімен айналысады, ондағы оқшаулау деңгейі 20-25%. Ендігі бағдарлама аясында әр жылға оқшаулау деңгейін ұлғайтамыз, және отандық ауыл шаруашылығы машина құрастыру саласын қолдауға дайынбыз», – деп сөзін түйіндеді А.Мырзахметов.


comments powered by HyperComments