Атыраулық шаруалар биыл тұтынушыларды тұңғыш рет өз өнімдерімен қамтамасыз етті
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Атыраулық шаруалар биыл тұтынушыларды тұңғыш рет өз өнімдерімен қамтамасыз етті

Атырау облысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлері жылды жемісті қорытындылады. Биыл мұнайлы өңір көкөніс және бақша дақылдарымен тұрғындарды тұңғыш рет толықтай қамтамасыз етті. Нақтырақ айтқанда, 25 мың тонна картоп, 73 мың тонна түрлі көкөніс, 29 мың тонна бақша өнімдері жиналды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Сонымен қатар, облыс халқын ет және жұмыртқамен қамту бойынша да ілгерілеушілік бар. Құс фермалары өткен 10 айда 81 млн дана жұмыртқа өнідірсе, жыл аяғына дейін ол көрсеткіш 101 млн данаға жетеді.

Атырау облысында егіс көлемі биыл тұңғыш рет 7,6 мың гектарға жеткізілді. Соның ішінде картоп алқабының көлемі 2 мың гектар болса, келер жылы ол тағы 1 мың гектарға арттырылмақ. Қазір осы мақсатта жоспарлы түрде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жалпы, облыстағы ауа-райы мен топырақ құрамы егін шаруашылығына қолайсыз егіс алқаптарында осы заманғы ең озық технологиялар қолданылады. Мәселен, қазір жергілікті шаруалардың түгелге жуығы тамшылатып суару әдісін пайдаланады. Осының арқасында шаруалар биыл көл-көсір өнім алды.

«Көкөніске келетін болсақ, біз өзімізді 150 пайызға қамтамасыз етіп отырмыз. Біздің облыстың алға қойып отырған бір міндеті – ол картоп өнімімен өзімізді-өзіміз қамтамасыз ету. Айталық, бізге облыс халқына қажеттілігі 54 мың тонна болатын болса, қазіргі таңда 25 мың тонна өндіріп отырмыз. Енді болашақта біз осы картоп дақылының көлемін ұлғайтып сол арқылы тиісті, межеленген өнімді алуды жоспарлап отырмыз», – дейді Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Сырым Рысқалиев.


comments powered by HyperComments