Д.Абаев: Қазақстан урбанизация деңгейi бойынша Орталық Азияда көш бастады
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Д.Абаев: Қазақстан урбанизация деңгейi бойынша Орталық Азияда көш бастады

30 қараша 2016 ж 13:58 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Қазақстан урбанизация деңгейi бойынша бүгiнде Орталық Азияда көш бастап отыр. Бұл туралы Астанада өтiп жатқан халықаралық ASTEX Astana Smart City форум-көрмесі барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрi Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


«Бүгiнде қалалық өмiрдiң барлық салаларына ақпараттық жүйелердi ендiру халықтың сапалы өмiрiнiң ажырамас шартына айналып отыр. Бүкiл әлемде урбанизация процесi қарқын алып келедi. БҰҰ-ның бағалауы бойынша 2050 жылға қарай әлемдегi халықтың 70 пайызы қалаларда тұратын болады. Бұл көлiк және тұрғын үймен қамту жүйесiнде қиындықтар тудыруда, сондай-ақ энергияны оңтайлы пайдалану мен қоршаған ортаға қамқорлық танытудың өзектiлiгi артып отыр. Осындай күрделi мәселелердi шешу ақылды iс-қимылды қажет етедi», – дедi Д.Абаев.

Оның айтуынша, бұл орайда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар шешушi рөл атқарады. Дамыған елдер постиндустриялық дәуiр қалаларын дамыту үшiн бұл мүмкiндiктердi толыққанды пайдалануда.

«Ақылды энергетика», тiптi «Қалдықтарды ақылды басқару» тәрiздi сөз тiркестерi қазiр ешкiмдi таң қалдырмайды. Халықаралық мәлiметтерге сәйкес, ақылды қалаларда интернет құрылғыларға қосылған тұтынушылардың саны 2015 жылғы 1 миллионнан 2018 жылы 3 миллиардқа жетедi», – дедi ол.

«Жаһандық экономика мен технологиялық нарықтан қалыс қалмау аса маңызды. Қазақстанда урбанизация деңгейi 60 пайызға жетедi және осы көрсеткiш бойынша бiз Орталық Азияда көш бастадық. Бұл процестiң жарқын үлгiсi бiздiң жас астанамыз болып отыр», – дедi министр.


comments powered by HyperComments