Астанада 38 млрд теңгенің нысаны заңдастырылды
Наверх

Астана
USD 336.23
EUR 360.3
CNY 48.86
RUB 5.28


Астанада 38 млрд теңгенің нысаны заңдастырылды

23 қараша 2016 ж 18:43

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс департаментінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың қарашасындағы жағдай бойынша 38 млрд 517 млн теңгенің 8 224 нысаны заңдастырылды, деп хабарлайды astana.gov.kz.


Азаматтардан жалпы сомасы 111 млрд теңгелік 9 023 өтініш түсті. Соның ішінде 69 млрд 550 млн теңге – 11 016 тұрғын үй нысаны, 42 млрд 288 млн теңге – 11 725 тұрғын үй емес нысаны, 22 млрд 872 млн теңге – 1 132 коммерциялық нысан, 457 млрд 949 млн теңге соманың заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуының 5 үлесі бар.

Сонымен бірге, Астана қаласы Мемлекеттік кіріс органдарына 1 млрд 054 млн теңгенің 16 нысаны бойынша 17 арнайы декларация тапсырылды. Сондай-ақ, ҚР аумағынан тыс жердегі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудың 6 млн 250 мың теңге соманың 3 үлесі заңдастырылды.

Ақшаны заңдастыруға келсек, осы кезеңде 584 млрд теңгенің 687 арнайы декларациясы тапсырылған, соның ішінде есепшотқа салмастан, 944 млн 230 мың теңге заңдастырылды, одан 94 млн 423 мың теңге 10% алым жиналды. Сондай-ақ, 10 млрд 807 млн теңге соманың құнды қағаздары заңдастырылды.

Еске салсақ, елімізде мүлікті заңдастыру 2014 жылдың 1 қыркүйегінде басталып, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады.


comments powered by HyperComments