Еуропа Инвестициялық Банкі мен «Даму» Қоры 200 млн еуролық келісімге қол қойды
Наверх

Астана
USD 335.71
EUR 357.36
CNY 48.76
RUB 5.23


Еуропа Инвестициялық Банкі мен «Даму» Қоры 200 млн еуролық келісімге қол қойды

25 қараша 2016 ж 17:42

Парижде Еуропа Инвестициялық Банкі мен «Даму» Қоры 200 млн еуролық келісімге қол қойды. Құжатқа бүгіндері Парижде өтіп жатқан Экономикалық әріптестік және даму ұйымының Еуразия апталығы аясында қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz.


Еуропа инвестициялық банкінің несие желісі «Даму» Қорына оның Акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ кепілдігімен 3 жылға берілді. Шағын және орта бизнеске қаражат екінші деңгейлі банктер арқылы ұлттық валюта – теңгемен беріледі. Бұл – кәсіпкерлер мен банктерді валюталық тәуекелден арылтады.

Еуропа инвестициялық банкінің қаражаты климат өзгеруінен болған өзгерістерді оңалту, электр қуатын тиімді пайдалану, энерготиімділікті арттыру, қоршаған ортаны қорғау секілді көптеген «жасыл жобаларға» бөлінеді.

Несиенің  сыйақы мөлшерлемесі жылына 14,58 % айналасында. Борышкердің қолына 1,85 млрд теңгеге дейін тиеді. Несиенің мақсаты – инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, инвестициялық қарыздарды қайта қаржыландыру. Инвестициялық қарыздарға 36 айға дейін, банктік қарызды 120 айға дейін созу мүмкіндігі беріледі.

«Бүгін біздің ел «жасыл экономикаға» көшу үшін белсенді түрде инвестиция тартуда. Әріптесіміз Еуропа Инвестициялық Банкімен бірге «Даму» Қоры тұңғыш рет «жасыл» жобаларды қаржыландыруды бастайды. Біздің акционеріміз «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің кепілдігімен тартылған 200 млн еуро энерготиімділік пен қуат көздерін үнемдеуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының ашылуына серпін беріп, осы сала мен жалпы экономикаға стратегиялық инвесторлар тартуға сеп болмақ. Несиені беретін екінші деңгейлі банктер ШОБ жобалары қорын құрады. Сөйтіп, қаражат бірнеше траншпен, нақты жобаларға бөлінеді», – дейді «Даму» қорының басқарма төрағасы Қаныш Төлеушин.

Алдын-ала бағамдар бойынша осы жолғы бағдарлама бойынша берілген несиелер сомасы 103,4 млрд теңгені құрап, 500 кәсіпкер «жасыл» жобаларына қаржы алады. Олар 1 мың жаңа жұмыс орнын ашып, 87,5 млрд теңге салық төлейді деп көзделген.


comments powered by HyperComments