Павлодарда қызуы көп тозаңсыз көмір шығарыла бастады
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Павлодарда қызуы көп тозаңсыз көмір шығарыла бастады

ФОТО: автор

Павлодарда ұзақ уақыт жанатын әрі тозаңы аз брикеттелген көмір өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.


Айта кетейік, зауытта Оңтүстік Кореяда шығарылған заманауи жабдықтар орнатылған. Бұл жабдықтарда жылуды қарапайым көмірге қарағанда 4-5 есе көп беретін және оны 8 сағатқа дейін сақтайтын көмірдің екі түрі шығарылады. Жекеменшік үйлердің  пештеріне арналған «Сотан» маркалы көмір 24 келілік қаптарға брикеттелген. Ал 3 келілік брикеттерге қапталған «Елтан» көмірі тек Оңтүстік Кореяда шығарылатын қазандықтарға арналған.

Қуантарлығы, облыс әкімі Болат Бақауовтың шешімімен 100 қазандық ауылдық аймақтарда тұратын аз қамтылған отбасыларға берілмек.

«Убунту» ЖШС-і құрылтайшыларының бірі Асанов Бауыржанның айтуынша, зауыттың өнімі жеке үйлердің пештеріне ғана емес, өндірістік қазандықтардың пештеріне де жарайды. Қазірдің өзінде зауыт иелері жергілікті кәсіпорынның бірімен брикеттелген көмірді сатып алу жөнінде алдын ала келісімшарт жасасқан.  

230 миллион теңге жеке инвестицияларға салынған зауыт әр ауысым сайын 90 тонна брикеттелген көмір шығара алады. Кәсіпорында еңбек ететін 18 жұмысшының орташа  жалақысы 80 мың теңге. «Убунту» ЖШС болашақта Оңтүстік Корея технологиясымен қазандықтар шығаруды жоспарлап отыр.


comments powered by HyperComments