Жыл басынан бері еліміздегі қауіпті өндірістік нысандарда 13 апат болды
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Жыл басынан бері еліміздегі қауіпті өндірістік нысандарда 13 апат болды

29 қараша 2016 ж 13:23 , Астана
ФОТО: ОКҚ баспасөз қызметі

ҚР ИДМ Медиа-орталығыда Қазақстан Республикасының қауіпті өндірістік нысандарындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған брифинг өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


БАҚ өкілдерінің сұрақтарына ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Құнанбаев, Қазандық, газ шаруашылықтары және көтергіш құрылғылар объектілерін мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы Владимир Мельник, Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі мемлекеттік қадағалау басқармасының басшысы Мақсұтбек Қараторғаев жауап берді.

ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қазақстан Республикасының қауіпті өндірістік нысандарында өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар жұмыс жүргізуде.

Қауіпті өндірістік нысандарына жүргізілген тексеріс кәсіпорын қожайындарының қауіпсіздік мәселелеріне жіті назар аудармайтынын көрсетеді. Соның кесірінен апаттар мен түрлі оқыс оқиғалар орын алып жатады. Биыл жыл басынан бері еліміздегі қауіпті өндірістік нысандарда 13 апат болды.

Сондай оқыс оқиғаның бірі ретінде 2016 жылы 10 қарашада «Саран» шахтасында болған апатты айтуға болады. Тексеру қорытындысы бойынша бұл жағдай 100% жұмыс берушінің кінәсінен болғаны анықталды. Әр деңгейдегі 16 басшы жұмыстан шеттетілді. Материалдар құқық қорғау органдарына тапсырылған.

Қазіргі уақытта ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті қауіпті өндірістік нысандары бар 9160 кәсіпорынға мемлекеттік бақылау жасайды. Бұл жалпы кәсіпорын санының 4,5% құрайды.

2016 жылы ҚР Бас прокуратурасының сайтында орналасқан кестеге сәйкес, Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және оның аумақтық департаменттері 1426 кәсіпорынға ерекше тәртіп бойынша тексеру жүргізу жоспарланған. Бұл бар-жоғы 16% құрайды, яғни, қауіпі жоғары кәсіпорындарға ғана тексеру жүргізіледі. Жыл басынан бері кестеге сәйкес, ерекше тәртіп бойынша 1137 тексеру жүргізілді. Жалпы тексеріс қорытындысы бойынша, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары нормаларын бұзудың 56 406 дерегі анықталды.

20165 жылы 116,9 млн теңгеге айыппұл салынды (заңды тұлғаларға қатысты - 25,4 млн. теңгеге 1510, жеке тұлғаларға қатысты - 91,6 млн. теңгеге 596).

Сонымен бірге, еліміздің сот органдарының шешімімен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын бұзғаны үшін 302 қауіпті өндірістік нысанның жұмысы тоқтатылды.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының жиі бұзылуы – негізінен жобадан ауытқуға байланысты жарамдылық мерзімі өтіп кеткен техникалық құрылғылар мен жарамсыз құрал-жабдықтарды пайдалану, мамандар біліктілігінің төмендігі, технологиялық қайта жарақтандыру бойынша жиынтық жоспардың уақытында орындалмауы, технологиялық тәртіптің төмендігі, қауіпті өндірістік нысандардағы жұмыстың орындалуын бақылаудың әлсіздігі.

Биыл 9 айда ауыстыру жоспарланған 1196 бірлік техникалық құралдар мен технологиялық желілердің бар-жоғы 862 бірлігі ауыстырылған. Бұл 72,1 % құрайды.


comments powered by HyperComments