Жыл соңына дейін инновациялық компанияларға 30 млн теңге бөлінеді
Наверх

Астана
USD 334.89
EUR 361.61
CNY 48.7
RUB 5.28


Жыл соңына дейін инновациялық компанияларға 30 млн теңге бөлінеді

25 қараша 2016 ж 14:37 , Астана
ФОТО: Bnews.kz мұрағаты

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорда төрінде өтіп жатқан XI инновациялық конгрессте жыл соңына дейін инновациялық компанияларға 30 млн теңге бөлінетінін айтты, деп хабарлайды BNews.kz.


«Қараша айының соңында еліміздің бас қаласында "Astana Smart city" атты халықаралық форум өтеді. Сол жиында біз өзіміздің алғашқы жобаларымызды таныстырамыз. Біз қазір үкіметтік бағдарламалардан бөлек, өзіміздің яғни қаланың жеке бағдарламаларын да жүзеге асырып жатырмыз. Мысалы, "Даму" қорымен және жергілікті бюджеттің есебінен қаржы бөлудеміз. Енді осы жылдың соңына дейін үздік инновациялық компанияларға 30 миллион теңге бөлуді жоспарлап отырмыз», – деді Әсет Исекешев.

Айта кетейік, конгресс спикерлерінің арасында әлемдік Нобель сыйлығының лауреаты Рае Квон Чунг, Израильдің көшбасшы бизнес-инкубаторы Клара Орен, Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу, Japan trchnology Group компаниясының басшысы Митсу Ямомото, Қазақстандағы Кондрад Аденауэр қоры өкілдігінің директоры Томас Хельм, USAID климат өзгерісін тоқтатуға бағытталған қазақстандық бағдарламасының басшысы Алексей Санковский бар.


comments powered by HyperComments