ЭКСПО кезінде жоғары оқу орындары жатақханаларын босатып беруге әзір – Ерлан Сыдықов

ЭКСПО кезінде жоғары оқу орындары жатақханаларын босатып беруге әзір – Ерлан Сыдықов

22 желтоқсан, 18:34 478 Астана
ЭКСПО кезінде жоғары оқу орындары жатақханаларын босатып беруге әзір – Ерлан Сыдықов

2017 жылы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне жоғары оқу орындары өз жатақханаларын босатып беруге әзір. Олар шетелдік қонақтарға өте арзан бағаға тапсырылады. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәселелеріне арналған қоғамдық кеңестің төрағасы, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

«ЭКСПО кезінде жатын орындармен қамту басты мәселе болып отыр. Елордада қонақ үйлердегі орындар жетіңкіремейді. Сондықтан ЖОО-лар жаз уақытында өз жатақханаларын босатып беруге әзір. Өйткені, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі – ұлттық жоба. Бұған барлығымыз атсалысуымыз керек», - деді ректор.

Сонымен қатар, қоғамдық кеңестің төрағасы шетелдік қонақтарға жатақханалар өте арзан бағамен берілетіндігін айтты.

«Жатақханаларды шетелдік қонақтарға беру мәселесімен «Аstana Convention» ұйымы мен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы айналысады. Олар жатақханаларды беру тәртібін өздері жүргізеді. Әрине, жатақханалар шетелдік қонақтарға тегін берілмейді. Олар белгілі бір мөлшерде сол жерде тұрғаны үшін ақы төлейді. Бағасы өте арзан болады», -деді төраға.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «ЭКСПО-2017»