ЭКСПО-да жаңа бағыттарды ашу үшін шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу жалғасуда

ЭКСПО-да жаңа бағыттарды ашу үшін шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу жалғасуда

19 мамыр, 14:55 465 Астана
ЭКСПО-да жаңа бағыттарды ашу үшін шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу жалғасуда

 

ҚР Үкіметінің Баспасөз-орталығындағы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу кезінде жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру мәселесіне арналған брифингте ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр көрмеге шетелдік қонақтардың басым көпшілігі әуе көлігімен келетінін атап өтті, деп хабарлайды BNews.kz

Халықаралық көрмені өткізу кезінде Астана үшін «ашық аспан» режимі енгізілгенін еске салды. Осыған сәйкес, барлық шетелдік әуе тасымалдаушыларына Астанаға аптасына 7 рейс ұшу құқығы берілгенін де айтып өтті.

Рейстердің ашылуы шетелдік әуе компаниялардың коммерциялық дайындығы мен ниетіне байланысты. Бүгінгі таңда жаңа ұшуларды орындау мақсатында шетелдік тасымалдаушылар акредитациядан өтуде. Сондай-ақ, Роман Скляр егер жазғы тәжірибе оң нәтиже беретін болса, көрме аяқталғаннан кейін де «ашық аспан» режимін жалғастыру жөніндегі жоспарлар туралы айтты.

«FinnAir» әуе компаниясы көрме кезінде Хельсинкіден Астанаға жиілігі аптасына 2 рейс, 29 мамырдан бастап «LOT PolishAirlines» Варшавадан аптасына 4 рейс, 7 маусынан бастап «WizzAir»Будапешттен жиілігі аптасына 2 рейс, сонымен қатар, маусым айынан бастап «AirChina» Бейжіңнен аптасына 3 рейс орындауды жоспарлап отыр.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Астана»