Елбасы: Басымды иiп, халқыма алғысымды айтамын

Елбасы: Басымды иiп, халқыма алғысымды айтамын

15 желтоқсан, 14:58 455 Астана
Елбасы: Басымды иiп, халқыма алғысымды айтамын

Астанада Тәуелсiздiк сарайында өтiп жатқан Тәуелсiздiктiң 25 жылдығына арналған салтанатты шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 25 жыл бойы өзiне сенiп, соңына ерiп, үлкен iстердi бiрге атқарған халқына алғысын жеткiздi, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

«Әрине, бүгiн қуаныш, бүгiн мереке. Баршамыздың тойымыз деп айтуға болады. Той үстiнде тойға байланысты сөздер айтылады. Менiң атыма көп сөздер айтылды. Әрине, адам ретiнде оның бәрiн тыңдау жаныма жағады, дегенмен осынша қыруар жұмысты қандай болса да бiр адам еңсере алмайды. Сондықтан басымды иiп, халқыма ризашылығымды айтамын. Осындай қиын-қыстау жағдайларда менiң айтқаныма сенiп, көнiп, алға жүр дегенде жүрiп, осының арқасында бүгiнгi жетiстiктерге жеттiк. Бұл бәрiмiздiң, халқымыздың, қазақтың тағы бiр ұлы ерлiгi болып саналады. Осыдан еш уақытта жазбайық», - дедi Елбасы.

Мемлекет басшысы халықты көпке үлгi болып отырған бiрлiгiмiздi сақтауға шақырды.

«Тарихтан бiлемiз, қазақты еш уақытта сырттан келiп, жау алған жоқ. Алдымен iшiмiзге iрiткi салып, бiр-бiрiмiзге айдап салып, «бөліп ал да, билей бер» деген саясат жүргiздi. Қазақтың басы бiрiккенде, барлық жауын жеңiп отырған. Сондықтан еш уақытта бiрлiгiмiзден жазбайық. Ең алдымен, қазақтың бiрлiгi, екiншiден, көп этносты елiмiздiң ынтымағы, бiр-бiрiмiзге деген сенiм болса, барлық айтқанымыз болады», - дедi Президент.

тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»