Головкин – Джейкобс жекпе-жегіне билет сатылымға шығатын күн белгілі болды

Головкин – Джейкобс жекпе-жегіне билет сатылымға шығатын күн белгілі болды

21 желтоқсан, 10:28 587
Головкин – Джейкобс жекпе-жегіне билет сатылымға шығатын күн белгілі болды

WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақтандық Геннадий Головкин мен осы салмақтағы WBA «тұрақты» чемпионы, американдық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) арасындағы жекпе-жекке билет сатыла бастайтын күн белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренада өтеді. Оған билеттер осы сенбі күні – 24 желтоқсанда сатылымға шығады. Бір орын 100 доллар тұрады. Ең қымбат билет – 1000 доллар болмақ.

Билеттер Мadison Square Garden кассаларында, сондай-ақ, Ticketmaster.com сайты арқылы онлайн сатылады.

Шаршы алаңдағы жұдырық түйісуді HBO телеарнасы ақылы трансляция (PPV) жасайды. Әрбір көрерменге қарағаны үшін 54,95 доллар шығындауға тура келеді.

 

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Геннадий Головкин»