Халықаралық гроссмейстер бір уақытта 25 оқушымен шахмат ойнады
Наверх

Астана
USD 334.31
EUR 355.17
CNY 48.44
RUB 5.31


Халықаралық гроссмейстер бір уақытта 25 оқушымен шахмат ойнады

30 қараша 2016 ж 20:02
ФОТО: "Нұр Орда" мектебінің баспасөз қызметі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай «Нұрорда» халықаралық мектебінде Тәуелсіздіктің жарық жұлдызы, халықаралық деңгейдегі шахмат ойынының шебері, жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінің жеңімпазы, Қазақстанның бес дүркін чемпионы, «Халықаралық гроссмейстер» атағына ие болған Дәрмен Сәдуақасов мырзамен кездесу өтті, деп хабарлайды BNews.kz.


Кездесуде гроссмейстер мектептің ең үздік 25 оқушысымен бір уақытта ойнап, блиц-турнир және мастер-класс өткізді. Ойынның қорытындысы бойынша ең жақсы ойнаған оқушыларды Сәдуақасов мырза өзі таңдап, арнайы автографы қойылған шахмат тақтайларын сыйлады және оқушылар сертификаттармен марапатталды.

Дәрмен Сәдуақасов бала кезіндегі арманымен бөлісті.

«Мен де бала кезімде кәсіби спортшылармен шахмат ойнауды армандайтынмын. Сондықтан осы шара оқушыларға ұнайды деп ойлаймын. Меніңше, мұндай жарыстар балалардың шахмат ойынына деген қызғушылығын арттырады», – деді ол.


comments powered by HyperComments