Қазақстан карантинге жатқызылған 32,5 тонна өнімді Ресейге қайтарды

Қазақстан карантинге жатқызылған 32,5 тонна өнімді Ресейге қайтарды

17 мамыр, 10:16 424 Астана
Қазақстан карантинге жатқызылған 32,5 тонна өнімді Ресейге қайтарды

2017 жылдың мамыр айының 5-13 аралығында Ресейден әкелінген жоғарғы фитосанитариялық қаупі бар карантинге жатқызылатын өнімдерді тексеріп қарау барысында Қазақстан және Еуразиялық экономикалық одағының өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың бұзылуы бойынша 6 фактісі анықталды, деп хабарлайды BNews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30,35 тонна бидай, 0,135 тонна сарымсақ, 1,7 тонна қияр, 0,311 тонна банан республика аумағына міндетті ілеспе фитосанитариялық сертификатсыз әкелінген.

Сонымен бірге, 30 текше метр қылқан тұқымдас ағаш дайындамаларында карантиндік объект – Қарағайлық қара сүген және 12 тонна тұқымдық картопта – картоптың алтын түстес жұмырқұрты табылды. Аталған фактілер бойынша экспорттаушы мемлекет аумағына кері қайтару үшін тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр.

Заңбұзушылыққа жол берген өнім иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Карантинге жатқызылатын 32,5 тонна өнім Ресейге қайтарылды.

тақырыпты жалғастыруға «»