Қазақстан мен Израиль авиация мен өнеркәсiп саласында бiрқатар құжатқа қол қойды

Қазақстан мен Израиль авиация мен өнеркәсiп саласында бiрқатар құжатқа қол қойды

14 желтоқсан, 14:28 245 Астана
Қазақстан мен Израиль авиация мен өнеркәсiп саласында бiрқатар құжатқа қол қойды

Бүгiн Ақордада Израиль премьер-министрi Биньямин Нетаньяхудiң Қазақстанға ресми сапары барысында қос ел басшылығының қатысуымен бiрқатар маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды BNews.kz.

 

 

Атап айтсақ, бүгiн Қазақстан Үкiметi мен Израиль Үкiметi арасында ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойылды. Сондай-ақ, қос ел үкiметiнiң арасында биометрлiк ұлттық паспорт иелерiн визалық талаптардан босату туралы бiрлескен декларацияға қол қойылды. Қазақстан мен Израиль авиациялық билiктерi арасында өзара түсiнiстiк туралы меморандумға да қол қойылды. ҚР Мемлекеттiк қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгi мен Израиль Мемлекеттiк қызметiнiң комиссиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, ТДҰА мен Израильдiң «Матимоп» өнеркәсiп орталығы арасындағы меморандумға қол қойылды.

«Мен сiздердiң болашаққа деген көзқарастарыңызды жоғары бағалаймын. Құрметтi Н.Назарбаев, сiз шикiзатқа негiзделген экономикадан жалпы экономикаға көшу керек деп дұрыс айттыңыз. Бiз бұл бiрiге жасайтын мiндет деп санаймыз. Бiзде соңғы уақытқа дейiн көп шикiзат болған жоқ. Бiз жақында ғана газды таптық. Сiздер Израиль энергетиканы экспорттайтын ел деп ойлайтын шығарсыздар. Дегенмен, бұған дейiн бiз көптеген нәрселердi экспорттап келдiк. Қазiргi таңда бiзде табиғи ресурстар мен техногендiк ресурстар да бар... Бiз ЭКСПО көрмесiне қатысып, қолдау көрсетемiз. Бiз сiздермен үш негiзгi сала: ауыл шаруашылығы, ғылым мен технологиялар және қауiпсiздiк, терроризммен күрес салаларында ынтымақтастықты дамытпақпыз. Қос елдiң арасында тiкелей әуе рейсiн ашу мүмкiндiгiн қарастырумен де келiсемiн», - дедi Израиль премьер-министрi Биньямин Нетаньяху.

Атап өтсек, премьер-министр ҚР Президентi Н.Назарбаевпен кездесуде инновациялар мен стартап жобаларды дамыту мақсатында қазақстандық мамандарды даярлау үшiн оларды Израильге шақырған болатын.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «Елбасы»