Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін алғашқы зауыт салынады

Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін алғашқы зауыт салынады

17 мамыр, 09:42 154 Қызылорда облысы
Қазақстанда кальций қосылған сода өндіретін алғашқы зауыт салынады

«Аралтұз» АҚ және қытайлық «QinghaiDeshengSodaAshIndustrialCo. Ltd» компаниясы Қазақстан-Қытай бірлескен кәсіпорын құратын болды, деп хабарлайды   BNews.kz.

 «Аралтұз» АҚ және қытайлық «QinghaiDeshengSodaAshIndustrialCo. Ltd» компаниясы кальций қосылған сода өндірушілері қауымдастығының төрағасы Динг Чаоранның төрағалығымен «Қызылорда облысында жылдық қуаттылығы 300 мың тонна болатын кальций қосылған сода өндіру зауытының құрылысы» инвестициялық жобасына жарғылық капиталы 17,5 млрд теңгеден асатын бірлескен кәсіпорнын құру туралы келісімге қол қойды. Жобадағы жалпы инвестиция көлемі 87,5 млрд теңгеден асады»,- деп жазылған Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Кальций қосылған сода органикалық емес синтездегі маңызды өнімдердің бірі, натрий хлоридін (ас тұзы) және кальций карбонатын (әктас) алуда негізгі шикізат ретінде саналады. Кальций қосылған соданың ірі тұтынушылары шыны, химия, металлургия және өнеркәсіптің басқа да салалары болып табылады. Бүгінгі күні кальций қосылған содаға сұранысы жылына 400 мың тоннаны құрайды және ел аумағында өзіндік өндіріс болмағандықтан Ресейден келетін импорт есебінен толықтырылып отыр.

Сода зауытының құрылысы 700 - ден астам жұмыс орнын ашуға, жергілікті бюджетке салық түсімдерін көбейтуге, тек Арал аймағы ғана емес тұтас еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін береді.

Loading...
тақырыпты жалғастыруға «зауыт»